Алматы. 15 мамыр. 7kun.kz – J. D. Power америкалық зерттеу компаниясының Британдық бөлімшесінің сарапшылары үш жасқа дейінгі ең сенімді автомобильдер рейтингін жасады.
Сарапшылар Ұлыбританиядағы 11,5 мыңнан астам автокөлік иелерімен сауалнама жүргізіп, бір маркадағы жүз машинаның ішінде қаншасы сынғанын санады (барлығы 25 автокөлік бренді қатысты).
Нәтижесінде сарапшылар 170-тен астам түрлі шағымдарды тіркеп, оларды бірнеше негізгі санатқа бөлді: электроника, аудио және коммуникациялық, сондай-ақ навигациялық жүйелердің ақаулары, шанақтың және интерьер бөлшектерінің зақымдануы, кондиционердің, қозғалтқыштың немесе беру қорабының проблемалары.
Зерттеуге сәйкес, ең жоғары баллды француздық Peugeot алды. Көшбасшы нәтижесі - 100 машинаға 77 сыну. Екінші орында - Skoda (88), Hyundai (90) - үштіктер қатарында.
Төртінші және бесінші орын 94 балл жинаған Nissan және Suzuki автокөліктеріне бұйырды.
Сондай-ақ, алғашқы ондыққа Opel (95), Kia (101), Mini (103), Ford және Volvo кірді.
Рейтингте ең төменгі көрсеткішті 181 баллмен BMW маркалы автокөліктер алды. Бұдан басқа, Fiat (173), Audi (167), Jaguar (159), Land Rover (142), Mercedes-Benz (136) және Toyota (134) аутсайдерлер тізіміне қосылды.
Белгілі болғандай, проблемалардың көбісі электроникамен байланысты.