Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Әлемдік Банк 2015 жылы негізгі шикізат көздері бағасының түсетінін болжап отыр

Әлемдік Банк 2015 жылы негізгі шикізат көздері бағасының түсетінін болжап отыр
Әлемдік банк (ӘБ) 2015 жылы негізгі тоғыз шикізат көздері бағасының түсетінін болжап отыр. Бұл сирек кездесетін жағдай. Соңғы уақытта мұнай бағасы жылдам төмендеуде, оған қоса өзге де шикізат көздері өз бағасын жоғалта бастады. Мұндай әлемдік әлсіреу жыл бойы жалғасады, тек 2016 жылы ғана барлығы қалпына келуі мүмкін делінген Әлемдік банк хабарламасында. Мұнай нарығында «мінсіз дауыл» (дәстүрлі емес мұнай өндірудің артуы, сұраныстың азаюы, АҚШ долларының күшеюі, геосаяси тәуекелдердің азаюы) 2014 жылдың ортасынан бастап бағаның түсуіне әкелді. Жеті айда баға  55% - ға,  барреліне 108 доллардан осы аптадағы көрсеткіш бойынша 47 долларға дейін құлдырады. Бұған дейінгі рекордтық ең төменгі көрсеткіштер  1985-1986 жылдары тіркелген ( 67%) және  2008 жылы  (75% төмендеу). ӘБ мұнай бағасының  осы жылғы орташа бағасы  барреліне 53$ болады деп болжап отыр. Шикізат өндіру саласындағы үш негізгі баға индексі  - мұнай газ, металл, ауылшаруашылығы өнімдері - 2011 жылдан бастап  2014 жылдың аяғына дейін 35%-ға дейін төмендеген, бұл жағдай осы жылы да сақталады, дейді ӘБ. Сарапшылардың айтуынша қымбат металдар құны  2015 жылы 3% арзандайды. Оның да себебі, мұнай сияқты артық жеткізілімдер, сұраныстың азаюы және америка ұлттық валютасының өсуі. Тамақ өнімдері  2011 жылдан бері  20%-ға арзандады.  2014-2015  жылы астықтың және кофенің жақсы өндірілуіне байланысты баға тағы да 4%-ға төмендеуі мүмкін, делінген банктің баспасөз баянында. 2015 жылдағы баға өзгеру бағамы: мұнай-газ-7,2%-40,5% металл-6,6%-5,3% астық-19%-3,7% май-6%-7,1% өзге де тамақ өнімдері - 4,3%-1% сусын шығаруға арналған шикізат - 22,2%-5,6% шикізат материалдары -3,6%-6% тыңайтқыш-11,6%-2,1% қымбат металдар -12,1%-2,9%  

Похожие материалы