Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Әлемнің ең ірі инвесторы Джон Богл қайтыс болды

Әлемнің ең ірі инвесторы Джон Богл қайтыс болды

Алматы. 17 қаңтар. 7kun.kz – Әлемдегі ең ірі - The Vanguard Group инвестициялық компаниясының негізін қалаушы және бұрынғы басшысы Джон Богл 89 жасқа келген шағында қайтыс болды. 

Отбасы бұл ақпаратты растаған. Оның өліміне онкологиялық дерт себеп болып отыр. 2018 жылы Vanguard компаниясының активтер құны 5 триллион доллар болған. Боглдың достары мен таныстары, бұндай байлыққа қарамастан, Боглды қарапайым адам болғанын айтады. Джон Боглдың Билл Гейтс және Уоррен Баффетт секілді мультимиллиардер атануға мүмкіндігі бар еді. Бірақ ол компаниясын клиенттерге арналған кәсіпорынға айналдыруды көздеді. Богл бүкіл байлығын өз пайдасына емес, миллиондаған өзге адамдардың кәсібінін жандандыруға жұмсады.

Похожие материалы