Әлеуметтік желіде банктер өз клиенттерімен тығыз қарым-қатынас орнатып келеді. Осылайша, SocialBakers.com сайты клиенттік сервистің жақсаруына көңіл бөліп отырған банктердің рейтингін жариялады.
Қазақстандық банктер әлеуметтік желідегі өз клиенттерімен жылы қарым-қатынас орнатуға барынша күш салып отыр. Себебі банк парақшаларындағы оқырмандардың ресми емес пікірлерін де жауапсыз қалдырмайды. Желідегі хабарламалар мен сұрақтарға және сыни сөздермен жұмыс істеу үшін біртұтас департаментті құрайтын арнайы мамандарды жалдап, олардың жылдам және нақты әрекет етуіне жағдай жасаған. Қазіргі тенденция жазылушылардың санын көбейтуді көздемейді, керісінше, оларды еліктіру мен банктің атақ-абыройын жоғарылатуға көбірек көңіл бөледі.
Міне, осыны клиенттік сервистің жақсаруы десеңіз болады.
Банкирлердің арасында ең танымал әлеуметтік желі – баяғыдай Facebook. Соңғы кездері бұл қолданушылардың пікіралмасатын орны ғана емес, бизнес жүргізетін құралға айналып келеді. Мұнда, сонымен қатар, корпоративтік әлеуметтік жауапкершілікке жататын, Social CRM элементтері де жиі қолданылады.
Әлеуметтік желідегі парақшаларға жазылушылардың санынан бөлек, Facebook-та оларды қызықтыра алу да басты қағида. Мысалы, Халық Банк, АТФ Банк, Сбербанк секілділер өз оқырмандарының қызығушылығын оята алған. Сонымен қатар, «Вконтакте» мен Instagram желілері арқылы да ақпараттар жиналды.
[caption id="attachment_60146" align="alignnone" width="640"] SocialBaker.com мәліметтері бойынша[/caption]