Нұр-Сұлтан. 6 маусым. 7kun.kz - ҚР Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеті базалық мөлшерлемені +/– 1,00 п.т. пайыздық дәлізімен жылдық 14,00% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды 7kun.kz.
Тиісінше өтімділікті ұсыну жөніндегі тұрақты қолжетімді операциялар бойынша мөлшерлеме 15,00%, ал өтімділікті алу жөніндегі тұрақты қолжетімді операциялар бойынша мөлшерлеме 13,00% болады.
Ұлттық Банк мұндай шешімді соңғы болжамдар мен қысқа және орта мерзімді перспективадағы инфляция тәуекелдерін ескеріе отырып қабылдаған.
«Базалық мөлшерлеменің бұл деңгейі аяқ асты өзгерістер болмаған жағдайда 2024 жылға қарай инфляцияның бірқалыпты төмендеуін қамтамасыз етеді. Ақша-кредит талаптары 2023 жылы инфляциялық процестердің баяулауына қарай қалпына келеді», дейді ҰБ.