Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ұлттық банк қандай шоттардан ақшаны өндіріп алуға тыйым салынатынын түсіндірді

Ұлттық банк қандай шоттардан ақшаны өндіріп алуға тыйым салынатынын түсіндірді

Алматы. 1 наурыз. 7kun.kz – Ұлттық банк жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді, алименттерді және басқа төлемдерді аударуға арналған шоттардан ақшаны өндіріп алуға тыйым салынатынын ескертеді, - деп хабарлайды бас банктің баспасөз қызметі.

«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының ережелеріне сәйкес қарыз алушы банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерді орындамаған кезде, банк төлем талабын қою арқылы қарыз алушының ағымдағы шоттарындағы қарыз алушының ақшасын даусыз (акцептсіз) тәртіппен өндіріп алуға құқылы. Бұл ретте мұндай өндіріп алу оның ағымдағы шотындағы ақша сомасының және (немесе) қарыз алушының банктік шотына кейіннен түсетін әрбір ақша сомасының 50 пайызы шегінде шектеледі», - деп ескертеді банктегілер.

2017 жылдың екінші жартыжылдығынан бастап 2018 жылдың бірінші жартыжылдығы арасындағы кезеңде банктер заңнаманың көрсетілген талабын бұзуға жол бергені айтылады.

Осыған байланысты қарыз бойынша берешекті есептен шығару үшін банктердің төлем ордерін қарыз алушының келісімінсіз пайдаланудың осындай практикасын болдырмау үшін ҚР аумағында қолма-қол ақшасыз төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларына өзгерістер енгізілді және қазіргі уақытта қарыз бойынша берешекті есептен шығару үшін төлем ордерін пайдалануға әрбір осындай есептен шығаруға банктік шот иесінің жекелеген өкімі болған кезде ғана рұқсат етіледі.

Сонымен қатар, 2019 жылғы 24 қыркүйектен бастап «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасының заңдарымен төлем талабы негізінде қарыз бойынша мерзімі өткен берешекті өндіріп алған кезде жеке тұлғаның ағымдағы шоттарында республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінен кем емес сомадағы ақшаның сақталуына қатысты нормалар енгізілетін болады. Осылайша, төлем талабы негізінде қарыз бойынша мерзімі өткен берешекті 50% шегінде өндіріп алған кезде банк шотында ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінен кем емес сомада ақша қалуға тиіс.

«ҚР қолданыстағы заңнамасында жәрдемақыларды және әлеуметтік төлемдерді, кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларды күтіп-бағуға арналған алименттерді, азаматтардың тұрғын үй құрылыс жинақтарының төлемдерін, білім беру жинақтау салымы туралы шарт бойынша халықтың жинақ салымдарын аударуға арналған шоттардан ақша өндіріп алуға тыйым салу көзделген», - делінген банктің хабарламасында.

Сондай-ақ, заңнамада оларға ақша аудару мақсатында арнайы шоттар ашу тәртібі белгіленген.

Похожие материалы