Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Мұнай бағасы барреліне $55-60 болады

Мұнай бағасы барреліне $55-60 болады

Мұнай бағасының құлдырауы - уақытша құбылыс, шикізат бағасы жанар-жағармайға деген әлемдік сұраныстың өсуіне байланысты барреліне $55-60 деңгейінде тұрақталады. Бұл туралы Сауд Арабиясы мұнай министрінің кеңесшісі Ибрагим әл-Мухан мәлімдеді деп хабарлайды Bloomberg.

"Мен мұнай бағасы қайта қалпына келеді деп ойлаймын. Қазіргі саяси және экономикалық сипаттағы қиындықтар уақытша ғана дүние, ал олардың әлемге тигізетін ықпалы шектеулі", - деді ол. Министрілк өкілі шикізат құнының нақты қашан тұрақталатыны туралы айтпады.

Кеңесшінің пікіріне қарағанда, АҚШ пен көптеген дамушы мемлекеттер экономикасының өсімі және халық саны мен орта тап қатарының артуы жақын арадағы 10 жыл ішінде мұнайға деген сұранысты арттыра түседі.

Похожие материалы