
«Қазақстандағы цифрлық туризм – 2025» форумы барысында Туризм және спорт министрінің орынбасары Ержан Еркінбаев:
– Біз бұл мәселені Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрімен талқыладық. Олардың да ұсыныстары бар. Мысалы, пульсометр не спорт сағаттарын тағып, өзіне ыңғайлы пульс аймағында жүгіру. Бірақ марафон – бұл кәсіби спорт емес, бұқаралық спорт.Сондықтан шектеу не талап қою дұрыс болмайды. Негізгі статистиканы алсақ, дүниежүзі бойынша 80 мың марафоншы арасында 1 адам қайтыс болады екен. Өкінішке қарай, бұл өмір. Сағаты болса да, болмаса да қайтыс болған екі азамат та тәжірибелі марафоншылар. Бірінші жүгірулері емес. Шектеу қойғанмен 100 пайыздық шешім жоқ. Бірақ бүгін министр федерация және спорт мамандарын біріктіріп, олардың ұсыныстарын талқылайды, – деді вице-министр.