Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

МЭЕҰ мұнай картеліне сұраныс болжамын төмендетті: 2015 жылы 100 мың б/с–қа - 28,8 млн б/с дейін

МЭЕҰ мұнай картеліне сұраныс болжамын төмендетті: 2015 жылы 100 мың б/с–қа - 28,8 млн б/с дейін
Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы(МЭЕҰ) мұнай картеліне сұраныс болжамын 2015 жылы 100 мың б/с–қа - 28,8 млн б/с дейін төмендетті-делінген МЭЕҰ-ның ай сайынғы есебінде. "Мұнайға деген сұраныстың төмендеуіне күткендегіден де аз шыққан шикізат бағасы және Солтүстік Америкадағы бұрғылау санының азаюы әсер етті",-делінген есепте. МЭЕҰ хабарлағандай, 2014  жылы мұнайға деген әлемдік сұраныс 29,1 млн б/с құраған. Мұнайға сұраныс  МЭЕҰ  енген елдер сияқты және ұйымға енбеген  елдерде де өткен жылы 950 мың  б/с өсті.  2015 жылы көрсеткіш 1,15 млн б/с жоғарылауы мүмкін. Оған Америкадағы және Азиядағы көмірсутекті шикізатқа сұраныстың артуы себеп болуы ықтимал.   Мұнай жеткізіп беру жағына келсек, МЭЕҰ  ұйымға кірмеген елдер 2015 жылы мұнай тасымалдауды  1,28 млн б/с  көтереді деп атап өтті. Картельге кірмейтін елдерге мұнай жеткізу 2014 жылы 1,98 млн б/с.   көлемінде бағаланды.  

Похожие материалы