Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Миллиардтаған қаражат жымқырған күдікті Грузиядан жеткізілді

Миллиардтаған қаражат жымқырған күдікті Грузиядан жеткізілді

Бас прокуратура мен Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері, Қазақстанның Грузиядағы елшілігінің қолдауымен сеніп тапсырылған қаражатты ұрлағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартуға Грузиядан Қазақстан азаматын  экстрадицияланды.

Тергеу барысында аталған тұлға компания басшысы бола отырып, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, қаражатты ұрлау мақсатында, мемлекеттік сатып алу нормасын қолданбай, спутниктік және телекоммуникациялық жабдықты жалға алудың заңсыз шартын жасағаны анықталды. 

Қылмыстық іс-әрекеттің нәтижесінде «Транстелеком» АҚ арқылы мемлекетке 4 миллиард теңгеден астам шығын келген. Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынған, осыған байланысты халықаралық іздеу жарияланған.

Был ыр наурыз айында ол Грузия аумағында ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды. Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды.

Айып тағылған қылмыстар үшін қылмыстық заңнамада мүлкі тәркіленіп, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Ұқсас материалдар