Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

МӘМС жүйесіне дерек ұсынатын мемлекеттік органдар тізімі жаңартылады

МӘМС жүйесіне дерек ұсынатын мемлекеттік органдар тізімі жаңартылады

Қазақстан Үкіметі 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне деректерді ұсыну тәртібін жаңартатын қаулыны бекітті.

Жаңартылған құжат мемлекеттік органдардың нақты тізімін белгілеп, жүйені шетел азаматтары мен еңбек мигранттарына қатысты деректермен толықтыруды көздейді.

 Негізгі өзгерістер:

🔹 Мемлекеттік органдар тізімі кеңейтілді

МӘМС жүйесіне дерек беретін мемлекеттік органдардың тізімі нақтыланып, жаңа мекемелермен толықты. Барлық дерек бұрынғыдай «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы МӘМС ақпараттық жүйесіне жолданады.

 Шетелдіктер мен мигранттарға қатысты деректер қосылды

Енді МӘМС жүйесінде Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерінен келген еңбек мигранттары мен олардың отбасы мүшелері туралы мәліметтер де қамтылады.

 Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі маңызды рөл атқарады

Министрлік бірқатар ақпараттық жүйелер арқылы МӘМС-ке мәлімет ұсынады. Атап айтқанда:

  • «Еңбек нарығы»

  • «Зейнетақы және жәрдемақы алушылардың орталықтандырылған деректер базасы»

  • «Төлемдерді өңдеу ұйымы»

  • «Цифрлық отбасы картасы» (талдамалық шешім)

 Министрлік келесі санаттар бойынша дерек береді:

  • Тіркелген жұмыссыздар

  • Мүгедек бала тәрбиелеп отырған, жұмыс істемейтін жәрдемақы алушылар

  • I топтағы мүгедекке күтім жасайтын тұлғалар

  • Зейнеткерлер мен Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлері

  • Зейнетақы жарнасын үш айдан аса төлемеген, әл-ауқаты төмен жұмыссыз азаматтар

    Сот жүйесі де МӘМС-ке дерек береді

Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі алғаш рет МӘМС жүйесіне қосылып, сот органдарының ақпараттық жүйесі арқылы тиісті мәліметтерді ұсынады.

Аталған түзетулер «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңның 26-бабының 1-тармағы және 26-1-бабының 1-тармағы негізінде енгізілді.

 Құжаттың күшіне ену мерзімі: 2026 жылғы 1 қаңтар.

Бұл өзгерістер МӘМС жүйесінің ашықтығын, тиімділігін арттырып, халықтың әртүрлі санатына сапалы медициналық қызмет көрсетуге бағытталған.

Ұқсас материалдар