Экономика
Н.Назарбаев кезектен тыс Президент сайлауын өткізу туралы Жарлыққа қол қойды
Қазақстанда кезектен тыс Президент сайлауы 26 сәуірде өтеді. Бұл туралы бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев барша қазақстандықтарға арналған үндеуінде айтты.
Барша жұрт кезектен тыс Президент сайлауын өткізу бастамасына қызу қолдау білдіріп отырғанын айтқан Президент халық тарапынан екі түрлі ұсыныс- бірі мерзімнен бұрын Президент сайлауы мен Президент өкілеттілігін ұзарту туралы референдум білдіріліп отырғанын, екеуін де жүзеге асыруға болатынын атап өтті.
«Алайда дұрысы, Конституция талаптарына сай келетіні, сайлау өткізу. Сондықтан халықтың қызығушылығы мен ұсынысын есепке ала отырып, мен еліміздің Конституциясының 41 тармағы 3.1 бөліміне сәйкес 2015 жылдың 26 сәуірінде кезектен тыс Президент сайлауын өткізу туралы Жарлыққа қол қойдым» деді Елбасы.