Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Нан бағасының қымбаттау мүмкіндігіне байланысты кейбір азаматтар әлеуметтік көмек ала алады

Нан бағасының қымбаттау мүмкіндігіне байланысты кейбір азаматтар әлеуметтік көмек ала алады

Нан бағасының қымбаттау мүмкіндігіне байланысты өмір сүру деңгейі төмендейтін азаматтар әлеуметтік көмек ала алады.  Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстанда нанның бағасы қымбаттаған жағдайда ең төменгі күнкөріс деңгейінің көлемі өзгеретін болады. Бұл атаулы әлеуметтік көмек алушылар (АӘК) санын ұлғайтуға мүмкіндік береді . Қазіргі таңда табысы кедейлік шегінен төмен  азаматтарды (отбасыларын) әлеуметтік қолдау «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» ҚР Заңына сәйкес жүзеге асырылады. АӘК жан басына шаққандағы орташа табыс пен облыстар, Астана және Алматы қалаларындағы әрбір отбасына шаққандағы есеппен белгіленген кедейлік шегі айырмашылығының ақшалай нысанында беріледі (ең төменгі күнкөріс деңгейінің 40%). 2015 жылдың 1 қазанындағы ақпаратқа сәйкес, АӘК-ні табысы кедейлік шегінен төмен 34,7 мың азамат алып отыр, АӘК-нің бір адамға шаққандағы көлемі орта есеппен 2407 теңгені құрайды. Өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда АӘК алушылардың саны 32,2%-ге қысқарды, сәйкесінше, АӘК-ің жалпы төлем көлемі 967,6 млн. теңгеден 752,5 млн. теңгеге дейін азайды. Осы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша 18 жасқа дейінгі балаларға берілетін жәрдемақымен 519 293 адам қамтылды, оның жалпы көлемі 7 млрд. 643 млн. теңге. 2014 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда балаларға берілетін жәрдемақы алушылар саны 2,8%-ға қысқарды. Сонымен қатар, бес институционалды реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам – Ұлт жоспарының 84-қадамын іске асыру шеңберінде ҚР ДСӘДМ «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» ҚР Заңын әзірлеп, оны Парламент мақұлдады. Фото: kapital.kz сайтынан алынды.   

Похожие материалы