Алматы. 8 сәуір. 7kun.kz – Наурыз айында абаттандырылған тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің бағасы 190,6 мың теңгені құрады. Бұл ақпанмен салыстырғанда 0,4%-ға артық.
Жаңа құрылыс нысандарындағы 1 шаршы метрдің бағасы 278,2 мың теңге болды. Бір ай бұрынғы нәтиже 0,3%-ға кем болған.
Бұл ретте жыл басынан бері қайталама нарықтағы баға 1%-ға, ал жаңа тұрғын үйге - 0,9%-ға өсті. Осы кезеңде жалдау ақысы 2,2%-ға артып, 1 431 теңгені құрады.
Шаршы метрі ең қымбат тұрғын үйлер Нұр-Сұлтанда (343,7 мың теңге), Алматыда (332,5 мың теңге) және Атырауда (326,3 мың теңге), ал ең арзан – Семейде және Петропавлда (140 мың теңгеден) сатылады.
Екінші нарық бойынша Нұр-сұлтан (352,9 мың теңге) және Алматыда (345,2 мың теңге) тұрғын үйлер бәрінен қымбат бағаланады. Ал Ақтөбе (150,6 мың теңге) мен Қызылордада (138,9 мың теңге) тұрғын үйлер арзан тұрады.
Наурызда елордада жалға берілетін тұрғын үйдің 1 шаршы метрі 2,8 мың теңге, Алматыда – 2,2 мың теңге, ал Ақтауда – 2 мың теңге болды. Ең арзан баға Орал(1,1 мың теңге) және Жамбыл облыстарында (1 мың теңге) тіркелді.