Бейсенбі күні никель бағасы соңғы бір жыл ішіндегі ең төмен көрсеткішке түсіп қалды, бұған Грекия мен халықаралық несиегерлер арасындағы келіссөздер сәтсіздікке ұшырайды деген инвесторлардың қауіптенуі себеп деп хабарлайды Bloomberg агенттігі.
Үш айдан соң жеткізілетін никель Лондондағы сауда барысында 2%-ға, тоннасы үшін $13975 дейін төмендеді. Бұның алдындағы сессия барысында котриовкалар тоннасы үшін $13910 дейін төмендеп, 2014 жылдың 6 ақпанынан бері ең төмен деңгейге жетті.
Бейсенбі күні ГФР Қаржы министрлігі Грекияның қазіргі қаржылық көмекті одан әрі жалғасытру туралы өтінішін қабылдамауға қатысты мәлімдемесін жеткізген еді. Еуроаймақ қаржы министрлерінің бұл мәселе бойынша қорытынды шешімі 20 ақпан күні белгілі болады.
"Еуропалық инвесторлар Греция жағдайына алаңдаушылық білдіруде. Грекия қиындықтарынан олар жалпы аймақ бойынша ауқымды проблемалардың негізін көріп отыр", - деп мәлімдеді Natixis SA шикізат нарығын зерттеу бөлімінің басшысы Ник Браун.
Үш айдан соң жеткізілетін мыс бағасы 1%-ға, тоннасына $5690 дейін төмендеді.
Қорғасын, алюминий мен мыс та арзандап жатыр, тек қалайы ғана өсіп келеді.