Сиви Махмудидің Алматыдағы лаундж-барына миллион теңгеден аса айыппұл салынды
Алматы. 13 сәуір. 7kun.kz - Алматыда жергілікті тұрғындар бірнеше мәрте шағым түсіргеннен кейін лаундж-бардың иесіне әкімшілік жаза тағайындалды. Бұл туралы tengrinews.kz хабарлады.
Алматы әкімдігі "Sivi" Lounge Bar-ының үстінен сотқа арыз түсірген. Алматы қалалық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы Бостандық ауданындағы Әуезов 128, № 20 пәтердегі құрылыс иесінің үстінен арызданған. Лаундж-бар басшысы мекеменің шын мәнінде әнші Сиви Махмудидің иелігінде екенін растаған. Оның айтуынша, мейрамхананың рұқсат қағазы болған. "Тексеріс кезінде, пәтердің қайта жабдықталғаны, № 20 пәтердің және №16 тұрғын үй алаңы бөлме аралық қабырғаларын демонтаждау жолымен өзгертілгені белгілі болды", - деп жазылған баспасөз хабарламада.
Осы дерек бойынша кәсіпкер айыпты деп танылып, оған 1 179 880 теңге (520 АЕК) сомасында айыппұл салынды.
Сонымен қатар, 2017 жылдың 3 сәуірінде Басқарма заңсыз енгізілген құрылыс өзгерістерін сүру туралы Алматының аудадық сотына арыз түсірген болатын.