Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Нью-Йорк полицейі Қазақстанда жекпе-жек клубын ашпақ

Нью-Йорк полицейі Қазақстанда жекпе-жек клубын ашпақ

Нью-Йорк. 27 наурыз. 7kun.kz – Нью-Йорктың үздік полицей қызметкері әрі боксер Димаш Ниязов Қазақстанда жекпе-жек клубын ашпақ. Бұл туралы ВКонтакте желісіндегі «Профи Бокс Казахстана» парақшасында жазылған.

Димаш Ниязов – Шымкент қаласының тумасы. 13 жасында ата-анасымен бірге Америкаға көшіп кеткен. Қазіргі уақытта Нью-Йорктің үздік полицей қызметкері әрі кәсіби боксшы. Осы уақытқа дейін он үш жекпе-жекке қатысып онын жеңіспен аяқтаған.

Астанаға келісімен Димашты отандық телеарналардағы әр түрлі бағдарламаларға шақырды. Ол жерде Димаш АҚШ-тағы өмірі мен кәсібі туралы айтып, болашақ жоспарларымен бөлісті.

Димаш Ниязов алдағы уақытта отанына қайтып оралғысы келетінін және Қазақстанда жекпе-жек клубын ашпақ ойы бар екенін айтты.

Похожие материалы