Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Оңтүстік Қазақстанда алюминийден жасалған радиатор өндіретін зауыт салынбақ

Оңтүстік Қазақстанда алюминийден жасалған радиатор өндіретін зауыт салынбақ

Оңтүстік Қазақстанда «Gold aluminum» компаниясы түрік инвесторларымен бірлесіп, 2016 жылдың маусым айында тұрғын үйлерді жылытуға арналған алюминдік радиаторлар өндіретін зауыттың алғашқы кірпішін қаламақ. Бұл туралы ОҚО баспасөз қызметі хабарлады.

Жаңа зауыттың құрылысы қазақ-түрік индустриялық аймағында жүргізілетін болады. Аталған жоба облыс бойынша алғашқы зауыт болып табылады. Бұл компания 2014 жылдан бері алюминдік профильдер өндіреді.

Сонымен қатар, жоба бойынша екінші кезеңін іске қосып, өндірістік қуаттылығын 12 мың тоннаға дейін алюминдік профиль өндіру қарастырылған. Нәтижесінде, бұл компания Қазақстанның 50% сұранысын қамтамасыз етеді. Қазіргі таңда шамамен 25% ғана қамтамасыз етуде.

Похожие материалы