Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

«Оператор РОП» бұрынғы бас директоры 20 млрд теңге ұрлады деген күдікке ілінді

«Оператор РОП» бұрынғы бас директоры 20 млрд теңге ұрлады деген күдікке ілінді

«Оператор РОП» ЖШС бұрынғы бас директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің баспасөз қызметі.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «Оператор РОП» ЖШС бұрынғы бас директорына қатысты компанияның 2016-2021 жылдар аралығындағы көліктерді қайта өңдеудің жоғарылаған құнын белгілеу арқылы 20 млрд теңгеден астам қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады» делінген хабарламада.

Сот санкциясымен «Оператор РОП» ЖШС бұрынғы бас директоры қамауға алынды.

Сонымен қатар, бұған дейін сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен Экология вице-министрі мен «Оператор РОП» ЖШС басқарма төрағасы ұсталған.

Тергеу жалғасып жатыр.

Похожие материалы