Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қостанай облысында мерзімі өткен бизнес несиелерінің көлемі 1,4 есе өскен

Қостанай облысында мерзімі өткен бизнес несиелерінің көлемі 1,4 есе өскен

201 жылы Қостанай облысында мерзімі өткен бизнес несиелерінің көлемі 1,4 есе өсті деп хабарлайды Қостанай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

"2014 жылы жалпы алғанда 1,4 есе өсті. Несиелердің жалпы көлеміндегі меншікті салмағы 7,7%-дан 9,4%-ға дейін артты", - делінген таратылған хабарламада.

2014 жылдың IV тоқсанының басындағы жағдай бойынша мерзімі өткен несиелердің көлемі 40 млрд теңгеге дейін өскен, 20 млрд теңгеден 9 млрд теңгеге дейін саудадағы қысқартулардың есебінен желтоқсан айында 25 млрд теңгеге дейін төмендеген.

Ағымдағы жылдың басынан бері Қостанай облысы бизнесінің несиелердің мерзімін өткізу көлемі 7%-ға қысқарған, бұл да сауданың 16%-ға қысқару есебінен болып отыр. Қазіргі кезде аймақ бизнесінің ЕДБ алдындағы қарызы - 9 мрд теңге деп айтылған хабарламада.

2012-2014 жылдары алынған несиелердің 50%-ын компаниялар ағымдағы мақсаттарды қаржыландыруға бағыттаған, 4-6%-ы негізгі капиталға құйылған, жаңа құрылыс пен реконструкцияға 10%-дан астамы жұмсалған.

2015 жылдың қаңтар-ақпанында берліген несиелердің жалпы мөлшерінде 36%-ы ағымдағы мақсаттарға, шамамен 9%-ы негізгі қорлардың инветициялауға және 4%-ы жаңа құрылыс пен реконструкцияға бағытталған.

Похожие материалы