Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қостанай облысында құны 13 млрд теңге болатын зауыт іске қосылады

Қостанай облысында құны 13 млрд теңге болатын зауыт іске қосылады

«Рудный цемент зауыты» ЖШС жылына 500 мың тонна цемент өндіретін зауытты іске қоспақшы деп хабарлайды қала әкімшілігі.  Кәсіпорынның құны – 13,614 млрд теңге.

«Олардың қаржыландыруға қатысты мәселесі бар. Құрылысты аяқтауға  нақты қор жетіспейді. Әрі, жобаның құны да қымбаттап барады», - дейді облыстық  кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының өкілі.

Осыған дейін, зауыт 2014 жылы желтоқсанда  пайдалануға беріледі деп хабарланған еді.  Дереккөздің мәлімдеуінше,  жылына 500  мың тонна өнім өндіретін зауыт Қостанай облысындағы құрылыс саласындағы цемент тапшылығын жойып және осы жылы іске қосылмақ темір жол арқылы  бүкіл Қазақстан бойынша айналымға шығуы қажет.

Похожие материалы