Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Павлодар кәсіпкерлері «Іскерлік байланыс» бойынша оқытылады

Павлодар кәсіпкерлері «Іскерлік байланыс» бойынша оқытылады

Алматы. 12 шілде. 7kun.kz - 2018 жылдың шілдесінен бастап павлодарлықтар облыс аумағынан шықпастан «Іскерлік байланыс» құралы бойынша білім алады, деп хабарлайды Ұлттық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі.

Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасы Кәсіпкерлерге қаржылай емес қолдау көрсету бөлімінің басшысы Әнел Жампейісованың айтуынша, «Іскерлік байланыс» курсына Павлодар кәсіпкерлері арасында сұраныс жоғары.

«Іскерлік байланыс» жобасы кәсіпкерлерге шетелде тағылымнадан өтуге мүмкіндік береді. Оның үстіне қаржылық ауыртпалық түсірмейді. Барлық шығынды мемлекет көтереді», – дейді Әнел Жампейісова.

Бұл жобаға экономиканың басым бағыттарында жұмыс істейтін  ірі, орта және шағын бизнестің басшылары қатыса алады. Екі кезеңнен тұрады – Қазақстанның  аумағында алдымен дәріс оқытылады, арнайы 3 апталық тренингтен өтеді.

«Кәсіпкерлерге уақыт жетіспейтіні белгілі. Өтінім беріп қойып курсқа қатыса алмай жататындар да бар. Себебі курс бұған дейін Алматы, Астана, Қарағанды қалаларында өтетін. Биыл жергілікті кәсіпкерлер сыртқа бармай-ақ оқудан өте алады», – деді бөлім басшысы.

9 шілдеден бастап «Іскерлік байланыс» курсының алғашқы тобы оқуды бастады. Кәсіпкерлік, маркетингті жүргізудің заманауи әдістері, бизнес-серіктестермен байланыс орнату оқытылады,

«Оқыту барысында қатысушылар өз кәсіпорынынң бизнес-жоспарын дайындап, комиссия алдында қорғайды. Бизнес-жоспар авторлары екінші кезеңде шетелде бизнес-тағылымнамадан өтеді», – деді Әнел Жампейсова.

Похожие материалы