Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Павлодар облысында экологиялық құзырет орталығы пайда болады

Павлодар облысында экологиялық құзырет орталығы пайда болады

2030 Стратегиясы аясында экологиялық мәселелерді шешу үшін экологиялық құзырет Орталығы құрылады. Ол экология сферасындағы шешімдерді қабылдау орталығы болады. Бұл туралы халыққа есеп беру кезінде облыс әкімі Қанат Бозымбаев мәлімдеді.

Әкімнің сөзінше, қоршаған ортаны қолданушыларды жаңа технология енгізуге бағыттау үшін және тазалау құрылғысын жаңарту үшін эмиссия төлемінің максимальды бағасы белгіленді. 2014 жылы бюджетке 11,5 млрд теңге түскен.

Айта кетейік, Павлодар облысының билігі осыған дейін де экология мәселесіне байланысты бірнеше шаралар ұйымдастырған. Өткен жылы қоршаған ортаны қорғау саласының өзіне 19 млрд теңге бөлінген.

 

Похожие материалы