Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Павлодарда 50 мың теңге пара алған шенеунік сотталды

Павлодарда 50 мың теңге пара алған шенеунік сотталды

Алматы. 24 шілде. 7kun.kz – Павлодарда 50 мың теңге пара алған шенеунік сотталып жатыр, деп хабарлайды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Павлодар облысы бойынша департаментінің өкілдері.

«2018 жылдың 18 маусымында «Родник» шаруа қожалығының өкілі М.Көшерден жер учаскесін таңдау актісін бекіткені үшін 50 мың теңге көлемінде пара алған. Осылайша, мамандар Павлодар ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Асхат Рамазановтың заңсыз әрекетін алдын алды», - дейді сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоның баспасөз хатшысы Айнұр Сәдуақасова.

Айта кетейік, тергеу барысында күдікті кінәсін толық мойындады және алдын-ала тергеуді жеделдетуге сұрады. Бүгінгі таңда тергеу амалдары аяқталып, қазіргі уақытта іс Павлодар қаласындағы №2 соттың қарауында.

Похожие материалы