Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Перизат Қайрат алаяқтық айыбын мойындамады

Перизат Қайрат алаяқтық айыбын мойындамады

Астанада Перизат Қайратқа қатысты 3,5 млрд теңге қайырымдылық қаражатын жымқырды деген күдікпен сот процесі басталды.

Айыптау актісінде оның жоғары білімі жоқ екені және бұрын шетелде оқуын аяқтағаны туралы мәліметтің жалғаны айтылады. Сондай-ақ, Перизат Біріккен Араб Әмірлігінде болғаны және ет жеткізу бойынша отбасылық бизнес жүргізгені туралы жалған ақпарат таратқаны айтылады. 

Сотта Перизат Қайрат өз кінәсін мойындамай, айыптау актісіндегі дәлелдердің негізсіз екенін мәлімдеді:

«Мен айыптау актісінің дәлелдеріне келіспеймін: онда айтылғандар негізсіз. Мен тергеушілердің қиялына жауапты емеспін. Маған тағылған айыптарды мойындамаймын, әрі қарайғы отырыстарда өзімді ақтаймын», – деді ол.

Сонымен бірге, ол «Biz Birgemiz Qazaqstan 2030» қоғамдық бірлестігін өзі және анасы өз бетімен құрған жоқтарын, бұл ұйым «Нұр Отан» (қазіргі «AMANAT») партиясының жетекшілігімен құрылды деп айтты.

Перизаттың анасы Ғайни Алашбаева да кінәсін мойындамады.

Сот процесі арнайы баспасөз орталығында өтіп жатыр, ал залда түсірілім, тікелей эфир және видеобайланыс арқылы көрсетілімге тыйым салынған. Судья түсіндіргендей, кез келген сәтте құпия деректер жария етілуі мүмкін.

Ұқсас материалдар