Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Президенттікке тағы бір әйел кандидат ұсынылды

Президенттікке тағы бір әйел кандидат ұсынылды

Астана. 11 қазан. 7kun.kz – Салтанат Тұрсынбекова «Қазақ аналары - дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігі атынан президенттікке кандидат ретінде ұсынылды, деп хабарлайды 7kun.kz.

Бүгін Астанада «Қазақ аналары - дәстүрге жол» қоғамдық бірлестігінің жалпы жиыны өтіп, президенттікке кандидат ұсыну мәселесі қаралған.

Салтанат Тұрсынбекова біршама уақыт бойы азаматтық құқықтар, әсіресе әйелдер мен балаларды қорғау туралы мәселесімен айналысқан. Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес саласында ерекше белсенді.

Тұрсынбекова Астана қаласының қоғамдық кеңесіне кіреді. Сондай-ақ президент жанындағы әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат ұлттық комиссияның мүшесі. Ол «Отбасыдағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» жобасына жетекішісі болған.

Похожие материалы