Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қарағандыда 5 гектар жерде өсіп тұрған қарасора алқабы анықталды

Қарағандыда 5 гектар жерде өсіп тұрған қарасора алқабы анықталды

Қарағанды облысы. 6 қыркүйек. 7kun.kz – 5 қыркүйек күні Қарағанды қаласынан 10 шақырым жерде полиция қызметкерлері 5 гектар жерде өсіп тұрған қарасора алқабын анықтады, деп хабарлайды 7kun.kz.

Облыстық Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасы, кинология қызметі және әкімдік қызметкерлерімен жүргізілген іс шаралар барысында 2 мың түптен астам қарасора жойылды. Аталған бағыттағы іс-шаралар әліде жалғасын табады.

«Полиция қызметкерлері үнемі үкіметтік емес ұйымдар, әкімдік және еріктілермен бірлесіп жабайы қарасора өсімдіктерін жойу жұмыстарын жүргізіп тұрады. Сондықтан да біз қала тұрғындарынан өздеріне тиесілі аумақта осындай қарасора өсімдіктерін анықтау және дер кезінде көзін жойу шараларын өткізуді сұраймыз. Егер жабайы өскен қарасораны жоймаған жағдайда жеке тұлғаларға 10 АЕК, шағын кәсіпкерлік немесе коммерциялық емес ұйымдарға 40 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілеріне 70 АЕК ал ірі кәсіпкерлік субъектілерге 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады», – деді Қарағанды облыстық Полиция департаменті Есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі Нұрым Сәдуақасов.

Похожие материалы