Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістанға барды

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістанға барды

Түркістан. 23 наурыз. 7kun.kz - Қасым-Жомарт Тоқаев Президент ретіндегі алғашқы сапарын Түркістаннан бастады. Бұл туралы akorda.kz пен Түркістан облысы әкімінің баспасөз хабарлады.

Президент сапар барысында«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің археологиялық және архитектуралық ескерткіштерімен танысып, Қожа Ахмет Яссауи кесенесін аралап көрді. 

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Мемлекет басшысына мәдени нысандардың қайта жөндеу жұмыстары және қорық-музейдің аумағын абаттандыру барысы жөнінде баяндалды.

Сонымен қатар, облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев әкімдіктің, басқармалар мен департаменттердің әкімшілік ғимараттарын, сондай-ақ Конгресс холлды, Медиа орталығын, «Ұлы дала елі» орталығын, оқушылар сарайын, туризм колледжін, «Астана» алаңын, әуенді субұрқақты, халыққа қызмет көрсету орталығын және басқа да әлеуметтік-мәдени мақсаттағы нысандарды салу барысы туралы есеп берілді.

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы жуырда ғана тұсауы кесілген облыстық «Жастар ресурстық орталығына» аялдады. Қасым-Жомарт Кемелұлы орталықта «Жастарға қызмет көрсету», «Еріктілер клубы», «Жас сарбаз», «Тілдер мектебі» және «Stem» жобаларымен танысты. Сондай-ақ, «TURKISTAN HUB» коворкинг орталығының резиденттерімен кездесті. Бүгінгі таңда орталық бір уақытта 400-ге жуық жасқа қызмет көрсете алады.

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Президенттің Түркістан қаласындағы сапары «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынып жатқан тұрғын үйлердің құрылысымен танысуымен жалғасты. Жалпы аумағы 96 200 шаршы метрді құрайтын 1560 пәтерлік 26 көпқабатты тұрғын үй ағымдағы жылы ел игілігіне тапсырылады.

Президент сондай-ақ, алғашқы сапарын не үшін Түркістаннан бастағанын айтты.

«Бүгін халқымыздың рухани астанасы Түркістан - еліміздің алтын бесігі, мәдениетіміз бен руханиятымыздың символы, бүкіл халқымыздың бойтұмары. Бұл қасиетті жерді көзіміздің қарашығындай сақтап, дамытуымыз керек. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Түркістан тарихы - барша қазақтың тарихы» деп, бұл қалаға ерекше мәртебе беру туралы шешімі кездейсоқ емес. Ежелгі Түркістанның жаңғыру және жаңаруы даму жолымыздың дұрыстығын көрсетеді.  Президент ретінде сапарымды Түркістаннан бастау мен үшін аса маңызды»,- деді Қасым-Жомарт Тоқаев.  

Похожие материалы