Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

«Qazaq Air» рейстері 1 шілдеден бастап ұшырылады

«Qazaq Air» рейстері 1 шілдеден бастап ұшырылады

«Qazaq Air» әуекомпаниясының бірінші рейсі осы жылдың 1 шілдесінен бастап ұшырылады. Бұл туралы "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев Астанадағы дөңгелек үстелде мәлімдеді.

Ол әуекомпанияның өз позицияларын нығайтқан соң, оны жекешелендіру туралы айтуға болатындығын атап өтті. "Алғашында біз мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жасағымыз келді. Бірақ оны аяғына тік тұрғызған соң, компанияны жекешелендіруге ашық боламыз", - деді Ө.Шүкеев. Айта кетейік, осыған дейін нарықта ішкі ұшуларға бағытталған Qazaq Air атты жаңа ойыншы болатындығы туралы хабарланған еді. Әуекомпанияның құрылуы әуебилеттері бағасының төмендеуіне ықпал етпек. "Ол біздің соңғы лоукостеромыз болады деп ойламаймын. Қазір компаниялар ортақ кәсіпорындар ашуды ұсынып жатыр. Біз келіссөздерді енді бастадық. Барлық елде лоукостерлерді қаладан алыс орналасқан әуежайлар пайдалана бастады. Қазір де біз бұл сұрақты талқылап жатырмыз", - деп мәлімдеген еді ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев. Еске салайық, 2015 жылдың 19 қаңтарында  "Самұрық-Қазына" мемлекеттік қоры 100 пайызды жарғылық капитал қатысатын Qazaq Air-ді құру туралы   шешім қабылдады.

Похожие материалы