Экономика
Qazaq Air әуе рейстерін орындауға рұқсат алды
Qazaq Air әуе компаниясы эксплуатант куәлігіне ие болды, бұл құжат әуе тасымалдарын жүргізуге жол ашады. Бұл ақпаратты ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз қызметіндегілер де растады.
Qazaq Air таныстырылымы 6 шілдеде өтті. Ол кезде Qazaq Air компаниясының алғашқы борты - Bombardier Dash 8 Q400 жаңа заманның екі қозғалтқышты турбовинт ұшағы көрсетілген болатын.
Qazaq Air әуе компаниясының бағыттар желісі 12 маршруттан тұрады, олардың басым бөлігі Қазақстан өңірлері арасында ұшырылатындар.
Айта кетейік, әуе компаниясының алғашқы ұшырылымы рұқсат беру туралы құжаттардың жоқтығынан кейінге қалған болатын. Таныстырылым кезінде Qazaq Air борттары 20 шілдеден бастап ұша бастайды деп мәлімделген еді, алайда кейін ол тамыз айына шегерілді. Әуе компаниясының тұңғыш рейсі Алматыдан Павлодарға болады деп жоспарланып отыр.