Алматы. 30 қаңтар. 7kun.kz – Қазақстан 2018-2019 маркетингтік жылы 9 млн тонна астық экспорттай алады. Мұндай болжамды өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаментінің директоры Азат Сұлтанов айтты.
Ауыл шаруашылығы министрлігі өкілінің айтуынша, экспорт бойынша жақсы көрсеткіштер бар.
«Жалпы алғанда ағымдағы маркетингтік жылда елдің экспорттық әлеуетін кемінде 9 млн тонна деп бағалап отырмыз, 20 қаңтарға дейін экспорт 6,8 млн тоннаға жетті», - деді Сұлтанов.
Ол өткен жылы Қазақстан 11,6 млн тонна астық экспорты бойынша рекорд орнатқанын атап өтті. Бұл ретте 2019 жылы астық түсімі 2018 жылға қарағанда төмен болмайды деп күтілуде.
«Келесі маркетингтік жылға арналған болжам: ылғалдылық деңгейі жақсы, сапалы тұқым береміз, сондықтан 2018 жылға қарағанда көбірек өнім жинай аламыз», – деп мәлімдеді Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілі.