Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда бір айда жезөкшелікпен айналысқан 20-дан астам притон анықталды

Қазақстанда бір айда жезөкшелікпен айналысқан 20-дан астам притон анықталды

Нұр-Сұлтан. 12 қыркүйек. 7kun.kz – ҚР ІІМ жезөкшелікпен және жеңгетайлыққа байланысты 20 әкімшілік құқық бұзушылық тіркеген. Бұл туралы ҚР ІІМ брифингінде айтылды, деп хабарлайды 7kun.kz.

Шымкентnt құрамында 11 адам бар ұйымдасқан топтың заңсыз әрекеті кесілді. Олар Шымкент, Тараз және Түркістан қалаларының аумағында жыныстық пайдалану үшін адам сатумен, оның ішінде кәмелетке толмағандар саудасымен айналысып келген

«Жас қыздарды Қазақстанның түрлі қалаларынан «ВКонтакте» әлеуметтік желісі арқылы жұмысқа қабылдағандығы, онда жақсы еңбек жағдайларымен жоғары ақы төленетін жұмыс ұсынғандары анықталды. Кейін алдап, құжаттарды алып қойып, жезөкшелікпен айналысуға тартқан. Табысты өздері иеленген. Қарсылық көрсеткен жағдайда ұрып-соғып, ойдан шығарылған айыппұлдар салып, есірткіні (мефедрон) қолдануға мәжбүрлеген», – деді ІІМ өкілі Шұғыла Тұрлыбек.

Аталған факт бойынша ұйымдасқан топ құру және оған басшылық ету, сол сияқты оған қатысу, адам саудасы, кәмелетке толмаған адамды жезөкшелікпен айналысуға тарту, притон құру, жеңгетайлық баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Ал Маңғыстау облысында күш қолдану арқылы 30 жастағы қызды жыныстық мақсатта пайдалану үшін ұрлап кеткен 43 жастағы ер адам ұсталды. Аталған факті бойынша ҚК 125-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы бойынша тіркелді.

Сондай-ақ Абай облысында 32 жастағы жеңгетайлықпен айналықсан әйел анықталып, ұсталды. Ол үш апта бойы алдау жолымен 17 жастағы қызды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеп, табысын өзі алып отырған. Аталған факті бойынша ҚК-нің 134-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Похожие материалы