Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда инвесторларға арналған invest.gov.kz сайты іске қосылды

Қазақстанда инвесторларға арналған invest.gov.kz сайты іске қосылды


Астана. 11 ақпан. 7kun.kz - Қазақстанда  бірыңғай ұлттық инвестициялық интерактивті интернет ресурсы жұмыс істей бастады. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

invest.gov.kz ұлттық инвестициялық интерактивті интернет-ресурсы мемлекеттік, ағылшын және орыс тілдерінде жұмыс істейді.

Сайтта шетелдік кәсіпкерлер үшін Қазақстанға инвестиция салуға қажетті барлық ақпарат орналастырылған. Енді инвесторлар осы портал арқылы тікелей өз сауалдарың жібере алады. Invest.gov.kz сайтына ұқсас және бірыңғай бренд бойынша әзірленген, қосымша 17 аймақтық инвестициялық сайттар да жұмыс істейді.

Сайтпен қатар инвесторлар үшін жедел телефон желісі де пайда болды.

Халықаралық қоңыраулар үшін нөмір +77172620620, ал қысқа нөмірі 1414 – Қазақстан Республикасында ақысыз. Төтенше жағдайда инвесторларға сервистік қолдау көрсететін қоңырау орталығы 24/7 режимінде жұмыс істейді.

Похожие материалы