Экономика
Қазақстандағы жыл басынан бергі инфляция 2,5%-ды құрады
2016 жылғы қаңтар-ақпанда Қазақстан Республикасындағы инфляция 2,5%-ды құрады. Бұл туралы статистика комитеті хабарлады.
Баға азық-түлік тауарларына ағымдағы жылғы екі айда (2016ж. ақпан 2015ж. желтоқсанға) 2,7%, азық-түлік емес тауарларына – 1,8%, ақылы қызметтерге – 2,8%-ға өсті.
пайызбен, өсуі
|
2016 ж. ақпан |
2016ж. қаңтар-ақпан
2015ж. қаңтар-ақпанға |
2016ж. қаңтарға |
2015ж. желтоқсанға |
2015ж. ақпанға |
2010ж. желтоқсанға |
Тауарлар мен қызметтер |
1,1 |
2,5 |
15,2 |
49,0 |
14,8 |
Азық-түлік тауарлары |
0,9 |
2,7 |
12,4 |
46,2 |
12,0 |
Азық-түлік емес тауарлар |
0,8 |
1,8 |
25,4 |
51,3 |
24,6 |
Ақылы қызметтер |
1,6 |
2,8 |
8,9 |
49,9 |
8,7 |
2016 жылдың басынан (2016ж. ақпан 2015ж. желтоқсанға) бағаның өсуі жаңа жиналған көкөністерге 8,7%, қантқа – 8,5%, қара шайға – 6,2%, нанға – 5,8%, жұмыртқаға – 5,4%, жаңа жиналған жемістерге – 5,3%, күнбағыс майына – 5%-ға, жармаларға, кептірілген жемістер мен жаңғақтарға – 3,9%-дан, макарон өнімдеріне – 3,6%, мәйекті ірімшікке – 3,5%, сүзбеге – 3,2%, құс етіне – 2,9%, консервіленген сүтке – 2,5%, кондитерлік өнімдерге – 2,2%, салқындатылған сусындарға – 2%, 1 сұрыпты ұнға – 1,9%, тоқаш және ұннан дайындалатын өнімдерге – 1,8%, балық және теңіз өнімдеріне – 1,5%, шұжық, ет өнімдеріне – 1,4%-ға, күрішке, қышқыл сүт өнімдеріне – 1,3%-дан тіркелді.
Баға өсімі фармацевтикалық өнімдерге 7,3%, тұрмыстық аспаптарға – 3,5%, шыны және қыштан жасалған өнімдерге – 3,1%, тоқыма бұйымдарына – 2,7%, жуғыш және тазалағыш құралдарға, жеке қолданатын тауарларға – 2,5%-дан, автомобильдерге – 2,3%, жолға қажетті тауарлар мен заттарды тасымалдайтын басқа да бұйымдарға – 2,2%, кеңсе тауарлары мен сызу құралдарына – 1,8%, киім және аяқ киімге – 1,2% құрады. Баға бензинге 0,8%, дизель отынына – 0,3%-ға төмендеді.
Сондай-ақ, баға деңгейі денсаулық сақтау қызметтеріне 3,6%, мектепке дейінгі балалар мекемесінің – 2,6%, демалыс, ойын-сауық және мәдениет саласындағы – 1,2%, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындарының – 1,1%-ға өсті. Алыс қашықтыққа қатынайтын жолаушылардың темір жол көлігіне жол жүру ақысы 9,3%, ішкі қалалық қатынастарда автобуспен – 1,8%-ға қымбаттады.
Тұрғын үй-коммуналды қызметтер саласында тарифтер кәрізге 9,4%, орталықтан жылытуға – 7%, ыстық суға – 6,3%, қоқыс шығаруға – 5,2%-ға, электр энергиясына, суық суға – 4,4%-дан, тарату желілері арқылы тасымалданатын газға – 4,2%-ға жоғарылады.