Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандықтар қаңтар айында интернет пен мобильді банкинг арқылы 1,65 трлн теңге төлем жасады

Қазақстандықтар қаңтар айында интернет пен мобильді банкинг арқылы 1,65 трлн теңге төлем жасады

2020 жылдың қаңтар айында қазақстандықтар интернет пен мобильді банкинг арқылы өткен жылмен салыстырғанда екі еседен көп төлем жасады. Бұл туралы Ұлттық банктің есебінде айтылды.

Қолма-қол емес транзакциялар 2,1 есеге, 124,4 млн теңгеге дейін, ал сомасы 2,4 есеге 1,65 трлн теңгеге дейін өсті. Қолма-қол ақшаны шешіп алу операциялары 14%, сомасы бойынша 9% төмендеді.

Қазақстандықтар төлем карталары арқылы жасалған транзакциялар көлемі 44%-ға немесе 2,8 млрд теңгеге өсті. Транзакциялар саны
75% немесе 167,3 млн транзакцияға дейін ұлғайды.

Есепте айтылғандай, қолма-қол емес операциялар 45% - интернет арқылы, 25% - мобильді банкинг арқылы жүзеге асқан.

1 ақпандағы көрсеткіш бойынша бір жыл бұрынғы кезеңмен салыстырғанда төлем карталарының көлемі
43%-ға немесе 33,9 млн дейін өскен. Ал карта ұстаушылар саны
58% немесе 30,7 млн адамға дейін өскен. Мұның ішінде басым бөлігі дебеттік - 77%, кредиттік картаның үлесі
19% құрады.

Похожие материалы