Қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсартуға Ұлттық қордан 1,3 трлн теңге бөлінеді
Алматы. 27 ақпан. 7kun.kz – Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев үш жыл ішінде халықты әлеуметтік қолдау шараларына 3,3 трлн теңгеден астам қаражат бөлуді тапсырды, оның 1,3 трлн теңгесі Ұлттық қордан трансфертті қамтамасыз етеді.
«Болашақта оларды іске асыру үшін бюджеттен қосымша 2 триллион теңге бөлінеді», - деді Н.Назарбаев сәрсенбіде Астанада өткен «Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде.
Сайтта жарияланған Президенттің баяндамасында бұл сома алдағы үш жылда бөлінетіндігі көрсетілген.
Мемлекет басшысының баяндамасында «Ұлттық қордан 2019-2021 жылдар аралығында қосымша 1 триллион 350 миллиард теңге бөлінетіні» айтылған.
«Бұл қаражат кедендік әкімшілікті түбегейлі жетілдіру және бюджет шығыстарын оңтайландыру есебінен іздестірілуі тиіс. Бұл ретте жергілікті жерлерде маңызы жоқ, қымбат шараларды қаржыландыруды алып тастау қажет», - делінген хабарламада.