Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ҚР ІІМ: Шымкент автокөліктеріне жаңа нөмір беріледі

ҚР ІІМ: Шымкент автокөліктеріне жаңа нөмір беріледі

Алматы. 13 шілде. 7kun.kz - Шымкент қаласының автокөліктеріне «17» мемлекеттік нөмірі беріліп, жүргізуші куәліктеріне «Y» литері басылады, деп хабарлайды inform.kz ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бүгін ішкі істер министрінің бұйрығы ресми жарияланды. Оған сәйкес, ведомствоның кейбір нормативтік-құқықтық актілеріне өзгеріс енгізіледі. Атап айтқанда, Шымкент қаласы өңірін белгілеу үшін «17» саны қолданылады. Шымкенттен берілетін жүргізуші куәліктеріне «Ү» литері басылады. Түркістан облысы «13» мемлекеттік нөмірінде және «Х» литерінде қала бермек», - деп мәлімдеді баспасөз қызметі.

Комитет өкілдерінің айтуынша, аталған бұйрық бүгін ғана ресми жарияланды. Ресми хабар жарияланғаннан кейін 10 күннен соң, 24 шілдеде күшіне енеді.

«Сол күннен бастап Шымкентте тіркелген көліктерге жаңа мемлекеттік нөмір белгілері беріле бастайды», - дейді комитет өкілдері.

Еске сала кетейік, 2018 жылғы 19 маусымда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Шымкентке республикалық маңызы бар қала мәртебесін берген болатын.

Похожие материалы