Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ресей Орталық банкі санкцияға байланысты алтын сатып ала бастады

Ресей Орталық банкі санкцияға байланысты алтын сатып ала бастады

Алматы. 23 тамыз. 7kun.kz – Ресей Орталық банкі АҚШ жаңа санкция салатынын жариялауына байланысты алтын сатып ала бастады деп хабарлайды Bloomberg.

Шілде айында Ресей 26 тоннадан астам алтын сатып алып, нәтижесінде елдің алтын резерві 2170 тоннаға жеткен. Қазір Ресейдің алтын қоры 77 млрд долларға бағаланады. Bloomberg-тің жазуынша, Ресей бір жағынан алтын қорын ұлғайтып, екінші жағынан америкалық активтен арылып жатыр. Агенттік Ресей АҚШ санкциясынан қорғану үшін осылай әрекет қылып жатқан болуы мүмкін деп тұспалдайды.

22 тамызда АҚШ-тың Ұлыбританияда ресейлік бұрынғы агент Сергей Скрипаль мен қызы Юлияның улануына қатысты Ресейге салған жаңа санкциясының алғашқы бөлігі күшіне енген.

Вашингтон Мәскеу АҚШ-та 1991 жылы қабылданған химиялық және биологиялық қаруды бақылау және оны әскери мақсатта қолдануға тыйым салу туралы заңды бұзды деп біледі.

Похожие материалы