Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Ресейден әкелінген 63 мың жұмыртқа Қазақстанға кіргізілмеді

Ресейден әкелінген 63 мың жұмыртқа Қазақстанға кіргізілмеді

Батыс Қазақстан облысындағы «Сырым» ветеринариялық бақылау бекетінде Самар облысынан Қызылордаға бағыт алған жүк көлігі тоқтатылып, тексеру кезінде оның 63 мың тауық жұмыртқасын тасымалдап келе жатқаны анықталды.

Бұл туралы ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, құжаттық бақылау барысында жүк жөнелтуші ұйымның Еуразиялық экономикалық одақ аумағына жануарлардан алынатын өнімдерді жеткізуге рұқсаты бар кәсіпорындар тізімінде жоқ екені белгілі болды. Осы талаптардың бұзылуына байланысты жүк кері қайтарылған.

Көлік жүргізушісіне ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 406-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды. Тасымалдаушыға ветеринариялық-санитариялық талаптар түсіндірілген.

Комитеттің дерегінше, 2025 жылдың басынан бері Қазақстанның ЕАЭО елдерімен шекарасында инспекторлар 57 185 көлік құралын және 738 мың тоннаға жуық мал шаруашылығы өнімін тексерген. Соның нәтижесінде 1 020 көлік кері қайтарылып, 397 әкімшілік хаттама рәсімделген. Айыппұлдардың жалпы сомасы 19,7 млн теңгені құрады.

Үшінші елдермен шекарадағы өткізу бекеттерінде 21 654 автокөлік, 69 802 теміржол құрамы, 257 теңіз кемесі және 2,1 млн тоннадан астам мал өнімдері тексерілді. Соның ішінде 24 автокөлік кері қайтарылып, 24 хаттама толтырылған.

Ұқсас материалдар