Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Құрметті профессор және «хафиз» атанған тұлға

Құрметті профессор және «хафиз» атанған тұлға

Ақтау қаласының тұрғыны Сәбит қажы Салқынұлы, «Медиум» халықаралық парапсихологиялық академиясының мүшесі (академик) болып сайланып, құрметті профессор атағына ие болды. Сондай-ақ, 2016 жылы қараша айының 14 жұлдызында Халық медицинасы қазақстандық қауымдастығының шешімімен ауруды сауықтыратын шипагер «хафиз» атанды.

Сәбит қажы Салқынұлы 2005-2011 жылдар аралығында Қытай Халық Республикасының қари қағбатулла Әмірзада дәмулла білім ордасында «Пайғамбар медицинасы» бойынша дәріс алған. 2011 жылы сынақтан сүрінбей өтіп, «Дәріуіш Хафиз» дәріжесіне қол жеткізген. Сонымен қатар «Пайғамбар медицинасы» бойынша 1000 адамның ішінде жалғыз өзі емтиханды ойдағыдай тапсырған.

«Бұл мен үшін үлкен жетістік деп білемін. Мен білімімді Қытайда жалғастыруды жөн көрдім, онда 6 жыл оқыдым. Сабаққа жылына екі рет барып, емтихан тапсырып тұрдық. Маған белгілі болғаны 999 шәкірт сынақтан сүрінген екен. Бұл емтиханда сүрінбеген жалғыз мен екен, маған ұстазым осылай деді. Ал өзімнің ұстазым туралы айтатын болсам, ол Қари Қағбатулла Әмірзада, Қытайдың Үрімші қаласындағы белгілі «Ишан» дәржесіндегі мешіт имамы болып қызмет атқарады», - дейді ол.

Сәбит Салқынұлы 2015 жылы Медине қаласында қажылық сапарда болып, Пайғамбарымыздың ұрпақтарының бірі Пір Абдулқадыр Сайд Хасанимен кездесіп, оның қолын және батасын алған екен. Абдулқадыр Пір қазіргі кезде көзі тірі, Ауғанстанның таулы провинциясында тұрады. Жыл сайын бабасы Мұхаммед Пайғамбарға ешқандай көліксіз, ұшу арқылы барады екен.

Бірде Абдулқадыр Пір «Медина» мешітінде отырып, құптан намазынан кейін көмекшісі Атаулла ишанға ескертіпті, бір қазақ мені таба алмай іздеп жүр, сол адамды күтіп кім екенін білейік деген екен. Оның білім дәрежесі жоғары екендігін де алға тартыпты. Ал кездесу кезінде Сәбит қажы өзі танымайтын, бұрын кездеспеген Абдулқадыр пірге тура барып амандасқан, қолын алып, құшақтап Сізді «ақыры іздеп таптым» депті. Абдулқадыр Пір бір сөзінде Сәбит қажыға жамандық жасағысы келгендер болған, алайда оған адам баласының шайтани амалдары жүрмейді. Оған тек Алланың ғана әмірі жүреді, қалған пенделердің жамандықтары дарымайды деп ескерткен көрінеді.

Айта кету керек, Сәбит Салқынұлы Бекет ата жәдігерлерінің мұрагері болып табылады, яғни атаның киік сауған табақшасы мен көсеуі бүгінде осы кісінің қолында. Сондай-ақ, Сәбит аға тарих және теология ғылымдарының кандидаты, жазушы, дінтанушы, "Құрметті қажы" алтын медалінің иегері. 11 рет қасиетті Мекке және Медине қалаларында қажылық сапарда болған.

Өнеге-өсиетімін елдің шежіре-тарихына қатысты деректерді зерттеумен айналысады. Маңғыстаудан бөлек Түркістан, Ақтөбе, Қызылорда, Самарқанд, Бұхара, Нөкіс және басқа қалаларда зерттеу жұмыстарын жүргізуді жалғастырып келеді. Барлығы 17 кітаптың авторы. Атап айтар болсақ, оның "Қалжан Ахун", "Досжан Хазірет", "Бөкенбай Қараұлы", "Бұқарбай Естекбайұлы", "Тіленші Бөкенбайұлы", "Жоламан Тіленшіұлы", "Сәрке Өмірқұлұлы", "Байқадам Сәркеұлы", "Асау-Барақ-Дәуіт", "Ер Көней","Жүйрігі едің Адайдың", "Тұңғыш Президент" және тағы басқа кітаптары жарық көрді.

Нұрбол Оқуов

Похожие материалы