Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Роботтар тәулігіне сегіз үйге дейін салады

Роботтар тәулігіне сегіз үйге дейін салады

Дубай. 28 наурыз. 7kun.kz - Дубайдағы ірі девелоперлік компания дайын үйлер жасайтын роботталған зауыт ашады. Бұл туралы naryk.kz жазды.

2018 жылдың күзінен бастап кәсіпорындағы бір роботтың өзі тәулігіне сегіз ғимаратқа (вилла мен таунхаустар) дейін салады. Өндіріс 40 мың шаршы метрлік аймақта орналасады.

Кәсіпорын басшысы Фэйцал Коттиколлонның айтуынша, үй құрылысында робототехниканың пайдалануы үлкен революция. Кәсіпорын өзінің роботтарын жасауда көптеген технологияны Tesla компаниясының үлгісінде жасаған.

“Біз төртінші өнеркәсіптік төңкеріске аяқ бастық. Алдағы уақытта құрылысшы роботтардың жұмыс істеуі қалыпты нәрсеге айналады. Жаңа тәсіл жұмыс күшін үнемдеп, қоршаған ортаның ластануына тосқауыл болады”, – дейді кәсіпкер.

Роботтар сыртқы құрылыстан бастап ішкі әрлеу жұмыстарына дейін барлығын автоматты түрде жасайды. Алдағы уақытта осындай тәсілмен аурухана, қонақүй мен әлеуметтік нысандар салынады.

Жоспар бойынша, осы технология 2020 жылы өтетін ЭКСПО көрмесі кезінде туристерді үймен қамту үшін пайдаланылады.

Похожие материалы