Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

СҚО мен ОҚО-да көктемгі дала жұмыстарына 60 млрд теңге бөлінді

СҚО мен ОҚО-да көктемгі дала жұмыстарына 60 млрд теңге бөлінді

Еліміздің солтүстік және оңтүстік аймақтарында көктемгі дала жұмыстарына републикалық бюджеттен 60 млрд теңге бөлінді деп мәлімдеді ауыл шаруашылық министрі Асылжан Мамытбеков елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен болған кездесу барысында.

Ақорда баспасөз қызметінің хабарлауынша, оңтүстік аймақтарда көктемгі дала жұмыстары басталып кеткен, ал солтүстік өңірлері дайындық үстінде. Дала жұмыстарын орындау үшін аграршылар техникамен, ЖЖМ және несиелермен қамтамасыз етілді.

Кездесу барысында президент А.Мамытбековқа ауыл шаруашылық кәсіпорындарының қаржылық жағдайын тәртіпке келтіруді, сонымен қатар негізгі азық-түлік өнімдерінің импорт алмасуын қамтамасыз етуді тапсырды. Назарбаевтың айтуынша, елімізде құс етінің, шұжық өнімдерінің және алманың жеке өндірісін жолға қойған жөн.

Ауыл шаруашылық министрі өз кезегінде 2014 жылы, 2013 жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда, алғашқы рет импорттың 6%-ға төмендеуі байқалды, соның ішінде Кеден одағының елдерінен - 10%-ға. Жалпы алғанда, әкелінетін ауыл шаруашылық шикізат пен өңделген өнімнің көлемі 4 млрд доллар, оның ішінде шамамен 1 млрд доллары елімізде шығарылуы мүмкін емес тауарларға тиесілі.

Похожие материалы