Семей тасымалдаушылары қоғамдық көлік тарифін тағы өсірмек. Осы жолы 60 теңгеден 80 теңгеге бір-ақ көтеріледі. Ал, балалар билетінің құны - 40 теңге болады деп хабарлайды Информбюро.
Бір-екі күндікте автобустарда 17-тамыздан бастап билет құны қымбаттайды деген хабарландыру шықты. Бұл жағдайдыд Семей автопаркі қазіргі тарифтен тасымалдаушылардың көлік жөндеу және күнделікті жүріс-тұрысына қаражат жеткіліксіз деп түсіндіріп отыр.
Тарфиті көтеретін кезде республиканың басқа қалаларымен салыстырады. Тіпті облыс орталығы Өскеменде жол жүру құны 75 теңге деген желеу айтылады. Тұрғындар болса, бұнымен келіспей отыр. Баға көтеретін болса, соған сай жағдай жасалуы керек дейді семейліктер. Автобуста жүргізушілер темекі тартады, жолаушы кіріп үлгерместен есік жабылады деген сын-ескертпелер саны көп айтылады.