Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Өскеменге іссапармен келген Литва Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Витаутас Наудужаспен кездесті.
Аймақ басшысы Витаутас Наудужасқа Шығыс Қазақстан обысының экономикалық мүмкіндіктері туралы айттып өтті. Екі жақ түрлі салалардағы қызметтестік мәселелерін талқыға салды. Соның ішінде, көлік логистикасы мен студенттермен алмасу мәселесі айтылды. Осылайша екі жақ тығыз байланыста жұмыс жасайтын болды.
2014 жыл бойынша Шығыс Қазақстан мен Литва арасындағы тауар айналымының көлемі 6,8 млн АҚШ долларын құрады. 2013 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда, 6,1% өсім байқалып отыр.