Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Шенеуніктерден банк есепшоттарындағы мәліметтерін жариялау талап етіледі

Шенеуніктерден банк есепшоттарындағы мәліметтерін жариялау талап етіледі

Қазақстандық шенеуніктер банк есепшоттарындағы мәліметтерін жариялауы тиіс. Бұл туралы мәжіліс депутаты Азат Перуашев мәлімдеді деп жазады LS.

"Біз мемлекеттік ұйымдар, ұлттық компаниялар, мемлекеттік мекемелердің басшылары үшін банк құпиясы ережесін кері шегеру қажет деп есептейіз. Мемлекет оларға үлкен көлемдегі қаржы беріп отырғандықтан, әрекеттері барынша ашық болуы қажет. Егер банк есепшоттарындағы мәліметтерін ашуға келіспесе, қызметтерін орындаудан да бас тартуы тиіс. Менің ойымша, қазір мемлекеттік ұйымдарымыз мұндай шешімдер қабылдауға дайын емес, бірақ біз ары қарай да осындай мәселелерді көтере береміз", - деп мәлімдеді ол. Еске салайық, осы жылдың мамырында "Ақжол" партиясының фракциясы Consortium of Investigative Journalists халықаралық журналистік зерттеулер бірлестігі мәліметтеріне сүйене отырып, премьер-министр Кәрім Мәсімовке офшорлы аймақта есепшоттары бар қазақстандықтардың тізімін жіберуді өтініп, депутаттық сауал жолдаған еді. "Қазақстанның  азаматына тиесілі 251 банк есепшоты анықталды. Олардың екеуі - кәсіпкерлер, бірақ аталған банкте есепшоттары бар басқа 80 адамның есімі аталған жоқ. Барлығы 435 млн доллар қаржы бар екендігі белгілі болды. Бір клиенттегі максималды ақша көлемі - 145 млн доллар. Аталған қаржының барлығына басқа мемлекеттің пайдасына тәркілену қаупі төніп тұр", - деп атап өтті А.Перуашев. Депутаттың айтуынша, үкімет басшысы сауалға жауап беруге қатысты жұмыс жүргізіліп жатқандығын айтқан. Алайда офшорлы есепшоттары бар қазақстандықтарды банк құпиясына байланысты атаудан бас тартқан. "Ресми жауап бұл мәліметтерді нақтылаған да, жоққа шығарған да жоқ. Бізге қажетті жұмыс жүргізіліп жатқандығын хабарлады. Бірақ әрбір азаматтың есепшоты туралы мәлімет банк құпиясы болғандықтан шоттардың нақты иелері туралы ақапарат жария етілмеді", - деп қорытындылады ол.

Похожие материалы