Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Шетелдік инвесторлар қазақстандық ғылымға қаржы құя бастады

Шетелдік инвесторлар қазақстандық ғылымға қаржы құя бастады

Шетелден келіп жатқан инвестицияның үштен бір бөлігі тікелей "ғылыми-техникалық секторға" келіп құйылады. Бұл көрсеткіш 2016 жылдың үш тоқсандық қорытынды бойынша 4,74 млрд долларды құраған.

Инвестиция тартымдылығы мықты үштікте тау-кен өндірісі мен өңдеу өнеркәсібі тұр. Бұл 3 салаға құйылған қаржы жалпы инвестиция ағымының 77 пайызына тең.

2016 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында тартылған инвестицияның жалпы көлемі 14,52 млрд доллар болды. Бұл 2015 жылдың дәл осы уақытымен салыстырғанда 27,3 пайызға көп.

Инвестициялық ағымның 77 пайызын құрайтын алғашқы үштікке: кәсіби, ғылыми және техникалық қызметтер (32,6%), тау-кен өндірісі (26,1%), қайта өңдеу секторы (18,2%) кіреді.

Бұл саладағы инвестиция 2013 жылдан бері әлсірей бастаған еді.

2017 жылдың 1 қыркүйегіне дейін Қазақстан жаңа инвестициялық стратегия жасап шығарады.

Жаңа экономикалық кезеңде инвесторларды тартудың негізгі тәсілі экономикалық құндылық болмақ. Бұл жағдайда үстеме бағалардың құны жоғалып, яғни қаржылық-саудалық қатынастар екінші орынға шығып қалады.

Алғашқы үштікке кіретін тау-кен өндірісіне тартылған инвестиция көлемі 3,79 млрд теңге болып, 2015 жылмен салыстырғанда 30,2 пайызға көбейді.

Ал қайта өңдеу өнеркәсібі секторына 3,79 млрд теңге қаржы құйылған, 1 жыл бұрынғы көрсеткіштен 25,4 пайызға жоғары.

Мұнда  инвестағымның 85,5 пайызы металлургия мен металл өндірісі есебінен 2,26 млрд долларға толыққан, алдыңғы жылмен салытырғанда54,5 пайызға көп.

Инвестициялық тартымдылығы жоғары салалардың тағы бірі - химия өндірісі. Бұл секторға бір жыл ішінде 37 есеге көп қаржытартылған және оның көлемі 154 млн долларға жеткен.

Дереккөз: kapital.kz

Похожие материалы