Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Шымкентте 12 жастағы қыз 1 жасар егіз інілерін өрттен аман алып шықты

Шымкентте 12 жастағы қыз 1 жасар егіз інілерін өрттен аман алып шықты

Шымкент. 19 шілде. 7kun.kz – Шымкентте кондиционердің ақаулығынан басталған өрт кезінде 12 жастағы Анна інілерін құтқарып, оларыдң түтінге тұншығуына жол бермеген. Бұл туралы қалалық төтенше жағдайлар департаментінде хабарлады.

«Кешкі уақытқа қарай жеке үйде өрт шықты. Қызыл жалын өрт сөндірушілер келгенше сөндірілді. Егіз бауырларын құтқарған Анна батыл әрекеті үшін марапатқа ұсынылады», – деді ТЖД-да.

Оқиға өткен жұмаға қараған түні Қайнарбұлақ саяжай аумағында болған. Балалардың ата-анасы сүт алу үшін көрші үйге кеткен.

Анна өрт болып жатқанын орындық жалындай бастаған кезде сезген. Ол өртті сөндіруге тырысқанымен, жалын тым күшті болған. Жасөспірім қыз өртенген бөлмеде ұйықтап жатқан 1 жасар егіз інілерінің бірін көтеріп, көшеге алып шыққан. Кейін алаулаған үйге оралып, екінші інісін құтқарған. Тілсіз жауды жеңуге көршілер жабылып көмектескен.

Фото: Otyrar.kz

Похожие материалы