Алматы. 29 наурыз. 7kun.kz – Солтүстік Қазақстан облысында биылғы жылы бидай өңдеу зауыты іске қосылады.
Облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасынан хабарлағандай, жобаны Kazmeal жүзеге асырады. Шетелдік серіктес сингапурлық Panasia Impex PTE. Ltd компаниясы болып табылады.
«Зауыт 2019 жылдың І жартыжылдығына дейін іске қосылады. Кәсіпорын жылына 360 мың тонна өнім көлемінде құрама жем өндіру үшін 4-сыныпты бидай (85%) және рапс дәмін (15%) өңдеуді жоспарлап отыр», - деп түсіндірді ведомство.
Дайын өнім толық көлемде Қытайға экспортталады. 76 адам жұмыспен қамтылады.