Экономика
Экономика1
Соңғы 5 айда алғаш рет алтын бағасы унциясы үшін $1300-дан асып түсті
2014 жылдың тамызынан бері дүниежүзілік нарықта алтын бағасы троя унциясы үшін $1300-дан асып түсті, себебі жаһандық экономикадағы стагнация қорғаныс активі ретіндегі бұл металға деген сұранысты арттыруда. Бұл жайлы Bloomberg агенттігі хабарлайды.
Дереу жеткізілетін алтын сауда барысында 0,6%-ға, унциясы үшін $1303,63 дейін қымбаттады. Алтынның ақпан айындағы келісім-шарты Нью-йорктың Comex биржасындағы электрондық сауда барысында 0,6%-ға, унциясы үшін $1302,40 дейін жоғарылады.
Өткен аптада бағалар 4,7%-ға кенет көтерілді, мұндай бағамдар соңғы рет 2013 жылы тіркелген еді, жыл басынан бері алтын нарығындағы бәйге 10% болды.
Ағымдағы жылдағы алтын нарығына арналған инвестбанктердің болжамдары қарама-қайшы. Осылайша, GoldmanSachsGroupInc. және SocieteGenerale SA бұл жылы металл бағасының төмендеуін күтеді, бұл ретте SocGen 31 желтоқсанға дейін алтын бағасы унциясы үшін $1000 дейінгі құлдырауды деп болжам жасады. Алайда StandardCharteredPlc сарапшылары доллар өсімінің әлсіреуі жағдайында IV тоқсанға таман алтын бағасының унциясы үшін $1320 дейін күшеюін болжамдайды.