Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Соңғы 25 жылда Гонконгта тұрғын үй саудасы алғаш рет ең төменгі көрсеткішке жетті

Соңғы 25 жылда Гонконгта тұрғын үй саудасы алғаш рет ең төменгі көрсеткішке жетті

2016 жылы Гонконгта тұрғын үй саудасы тұңғыш рет соңғы 25 жылда болмаған ең төменгі көрсеткішке жетті. Мұндай мәліметті Қытай Халық Республикасындағы жылжымайтын мүлік агенттігі иегерінің бірі Centaline Property Agency Ltd. компаниясы келтіріп отыр.

Centaline бағалауы бойынша, жаңа салынған тұрғын үйлер мен екінші деңгейлі тұрғын үйлердің сатылымы қаңтар айында 3 мыңды құрады. Бұл ең төменгі көрсеткіш және мұндай нәтижені компания соңғы рет 1991 жылы тіркеді.

Өткен жылдың желтоқсан айында 5,294 үй сатылған. Сондай-ақ, осы жылдың қаңтарында жаңа үйлер сатылымы азайған. Олардың саны желтоқсан айымен салыстырғанда 80%-ға қысқарып, 2,127 мың үйді құрады.

"Гонконгтағы тұрғын үй нарығы адамдардың икемделуіне тікелей байланысты. Оның үстіне қор нарығы төмендеп, экономика әлсіреп жатыр. Ал тұрғын үй нарығының құлдырауына Қытайдағы экономикалық жағдайдың қиындауы мен Ұлттық банктің мөлшерлемені көтеруі кері әсерін тигізуде", - дейді Bloomberg Colliers International Group-тың Гонконгтағы сарапшысы Джоанн Лидің сөзін келтіре отырып.

Бұдан бұрын, Гонконг тұрғын ұй нарығы құлдырау шегіне 2015 жылдың қыркүйек айында жетті. Centaline ақпаратына сәйкес, Гонконгтағы тұрғын үйлердің бағасы 9,5%-ға төмендеген. Ал 2016 жылы 20%-ға дейін төмендеуі мүмкін деген болжам бар.

Похожие материалы